Алматыда батуттағы гимнастикадан Қазақстан спартакиадасы мәресіне жетті

Ел үздіктері анықталды.

Алматыда батуттағы гимнастикадан кезекті, яғни, 6-шы Қазақстан спарткиадасы мәресіне жетті. 4 жылда бір өтетін байрақты бәсекеге 9 аймақтан 120-ға жуық қатысушы жиналды. Олар бірнеше күн бойы жекелей, жұптық және командалық сындарда өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде акробатикалық жолақта секіруде Виталия Смотрикова мен Зухриддин Имамов, батутта секіруде Виктория Бутолина мен Данил Мұсабаев, ал, қос минитрампта Екатерина Хохлова мен Игорь Грачев жеңімпаз атанды. Жалпы есепте Қарағанды облысының құрамасы топ жарды. Үздік үштікті Шымкент қаласы мен Павлодар облысының өкілдері түйіндеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен спортшыларға рейтингтік ұпавй беріледі. Бұған қоса осы қыз-жігіттерден ұлттық құрама жасқаталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды.

Сергей Вертянкин, ұлттық құраманың бас бапкері:

- Ел спартакиадасы аймақтардан жиналған спортшылардың шеберлігін шыңдауға көмектесті. Ал құрамадағы кәсіпқой спортшылар үшін бабын жоғалтпай, тәжірибесін жетілдіруге керемет мүмкіндік берді. Барлық спортшының қарым-қабілетін тыңғылықты бақыладық. Өте жақсы көрсеткіштер тіркелді. Лайықты ізбасарлар өсіп келеді.