Ташкентте қос боксшымыз жеңіске жетті
Қос боксшымыз жеңіске жетті.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокс жанкүйерлері тағатсыздана күткен әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні 2 бірдей жерлесіміз шаршы алаңға шықты. Алдымен 60 келіде өнер көрсететін Талғат Сырымбетов тайландттық Сакда Руамтаммен жолығып, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 5:0. Енді Талғат екінші айналымда иорданниялық бокшымен кездеседі.
Айта кетейік, орта салмқатағы жерлесіміз дүниежүзілік додаға бірінші рет қатысып тұр.
Талғат Сырымбетов, ұлттық құрама мүшесі:
- Талғаттың жеңісін артынша ауыр салмақтағы Айбек Оралбай жалғастырды. 92 келіде өнер көрсететін отандасымыз болгариялық Радослав Панталеевпен жұдырықтасты. Айта кету керек, кейінгісі әлем чемпионатының қола жүлдегері. Соған қарамастан Айбек ә дегеннен белсенді қимылдап, айқын басымдықпен ұтты. Бұл жекпе-жекте де 5:0 есебі тіркелді.
Айбек Оралбай, ұлттық құрама мүшесі:
- Қалған салмақтағы жерлестеріміз енді бақтарын сынайды. Ташкенттегі әлем чемпионатына 13 боксшымыз аттанды. Ал қатысушылардың жалпы саны 600-ден асады. Биылғы бәсекеге 104 елдің өкілдері қатысып жатыр. Айта кету керек, осы жолы рекордттық деңгейдегі жүлде қоры тағайындалды. Яғни, алтын алған боксшыға 200 мың, күміс пен қолаға, сәйкесінше, 100 және 50 мың АҚШ долларынан табыстамақ. Бұған қоса, жеңіске жеткен жерлестерімізге Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышов өз қалтасынан 100 мың доллардан беретінін мәлемдеді. Ташкенттегі дүниежүзілік доданың жалпы қорытындысы 14-ші мамырда белгілі болады.