Хоккей: Қазақстан Швейцариядан жеңілді

Хоккей: Қазақстан Швейцариядан жеңілді

Заманында Қазақстан хоккейшілері әлемдік элитадағы мықтылардың қатарынан орын іздейтін.

Тіпті Еуропаның азулы командаларына тойтарыс беріп, өзгесін ірі есеппен ұтып жататын. Қазір жағдай басқаша, біздің жігіттер нашар ойнай ма, әлде басқа елде хоккей дамып кетті ма? Әйтеуір, Қазақстанның қарқыны баяғыдай емес. Клең кірмелерге де иек артып көрдік. Бірақ ол да болмады. Биылғы әлем чемпионатында отандық хоккейдің жігіттері жиналды. Әзірге олардың да бітіргені шамалы. Өткен түні Қазақстан құрамасы Швейцарияға есе жіберді. Ригадағы матч 5:0 есебімен аяқталды. Алғашқы жиырма минутта Швейцария хоккейшілері бір шайба соқты. Тобиас Гейсер есеп ашты. Үзілістен кейін қарсыластар тағы екі мәрте нәтижені еселей түсті. Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері шешуші кезеңде де қауқар таныта алмады. Швейцария 5:0 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жақындай түсті. Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатындағы келесі ойынын бүгін түнде Канадамен өткізеді.