Александр Бублик Женева турнирін ерте аяқтады

Александр Бублик Женева турнирін ерте аяқтады

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 74-ші орында тұрған ойыншыға лайықты қарсылық көрсете алмады.

Бублик алғашқы айналымда 0:6, 4:6 есебімен АҚШ өкілі Маркос Гироннан ұтылып қалды. Ойын небәрі 59 минутқа созылды. Гирон келесі айналымда отандасы Тейлор Фритцпен кездеседі. Швейцария астанасындағы турнирдің ұтыс қоры жарты млн еуроны құрайды. Былтыр бұл жарыста Нидерландтық Каспер Рууд жеңіске жеткен еді.