«Ньюкасл Юнайтед» чемпиондар лигасына жолдама алды

«Ньюкасл Юнайтед» чемпиондар лигасына жолдама алды

«Ньюкасл Юнайтед» араға 20 жыл салып, чемпиондар лигасына жолдама алды.

«Лестер Ситимен» кездескен командаға бір ұпай жеткілікті болатын. Матч тең аяқталды. 37 турдан кейін «Ньюкасл» 70 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Эдди Хау шәкірттері бесінші орындағы «Ливерпульден» төрт ұпайға ұзап кетті. Сондықтан соңғы турдағы нәтижелер турнир кестесіне өзгеріс енгізбейді. «Ньюкасл» 2003 жылғы чемпиондар лигасында «Ювентус», «Динамо Киев» және «Фейеноордпен» бір топта ойнап, екінші орыннан көрінді. Келесі кезеңде «Барселона» мен «Интерді» алға жіберіп, жарысты аяқтады.