Елордада дәстүрлі садақ атудан жастар және ересектер арасында қалалық чемпионат өтті
Оған бас-аяғы 70-ке жуық қатысушы жиналды.
Олар садақ атудың 4 бағыты бойынша өзара мықтыны анықтады. Атап атқанда, алыс қашықтықтағы нысаныны көздеуде Ербол Тапенов, Бақберген Салимов, Динара Жақсылықова және Баян Чекодановалар топ жарды. Жастар арасындағы бәсекеде Ерзат Талапбай ең үздік нәтижені тіркеді. Бұған қоса, Қалқан, Жамбы және Орта Азия деп аталатын нысана көздеудің жүлделері де сарапқа салынды. Қалалық бәскеде топ жарғандар енді Жетісту облысында өтетін республикалық жарысқа жолдама алады. Айта кету керек, биыл алғаш рет аймақтарда іріктеу жүргізіліп жатыр. Өйткені, соңғы 3 жылда дәстүрлі садақ атуға қызығушылар қатары күрт артты. Мәселен, былтыр бірінші рет ұйымадстырылған Қазақстан чемпионатына 300 спортшы жиналды.