Астанада дзюдодан әлемдік гранд-слэм өтеді

Жігіттер елордаға жиналды. Бірер күннен кейін Астанада дзюдодан әлемдік гранд-слэм өтеді.

Айта кету керек, еліміз дәл осы деңгейдегі жарысты алғаш қабылдағалы тұр. Оған 46 елден 400-ге жуық спортшы қатысады. Қазірдің өзінде олар біртіндеп елордаға жиналып жатыр. Күні кеше Нұрбол Сүлейменов баптайтын ұлттық құрама Астанада бас қосып, жарыс алдындағы әзірлікке кірісті.

Ерлер командасында бас-аяғы 28 жігіт бар. Яғни Қазақстан қабылдаушы ел ретінде әр салмақта 4 дзюдошыдан татамиге шығара алады. Өкінішке орай, бұл жолы ұлттық құраманың үздігі Елдос Сметов қатыспайды. Қалған салмақтағы нөмірі бірінші спортшыларымыз бабында. Бұған қоса, жаңадан қосылған жас буын өкілдері көп. Әлемдік аламанның өзі 16-18 маусым аралығында «Барыс арена» спорт кешенінде өтеді.