Головкин барлық титулынан айырылды

Головкин титулсыз қалды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы күні кеше IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты. Бұл туралы ресми Халықаралық бокс ұйымының президенті Эд Левин мәлімдеді. Сәйкесінше, орта салмақтағы әлем үздігі деген атақ қазір бос.

Айта кетейік, IBO белдігі Головкин еншісінде болған соңғы титул еді. Осының алдында WBA және IBF тұжырымы бойынша да чемпиондық белдіктерін босатты. Қос жағдайда да қазақстандық боксшы өз атағын қорғуға, яғни, кездесуге шығуға келіспеді. Сәйкесінше, WBA белдігі кубалық Эрисланди Лараға, ал IBF белдігі бразилиялық Эскиво Фалькаоға берілді. Бұдан былай  қазақстандық былғары қолғап шеберінің әлем чемпионы деген атағы жоқ. тіпті, ол спорттық мансабын аяқтайды деген де ақпараттар шығып жүр. Генадий Головкин биыл 41 жасқа толады. Бүгінге дейін кәсіпқой рингте 45 кездесу өткізіп, 42-сінде жеңіске жетті.