Головкин мен Берланга кездесе ме?

Головкин мен Берланга кездесе ме?

Ә дегеннен 15 миллион доллар алады. Қазақстандық Генадий Головкин кәсіпқой мансабындағы ең табысты кездесулерінің бірін өткізу мүмкіндігі пайда болды.

Ол үшін америкалық Эдгар Берлангамен жолығуы қажет. Бұл жөнінде журналист Аурелио Морено мәлімдеді. Ол жекпе-жектегі жерлесіміздің сыйақысы кемі 15 миллион доллар болады дегенді алға тартты. Қазақстандық боксшы тарапы болса, әзірге жауап қатпады. Бірақ белгілісі Головкин қазір 41 жасқа келсе де, жаттығуды жалғастырып жатыр.

Жалпы кәсіпқой бокстан кеткісі жоқ.Ол соңғы рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасты. Америка төрінде мексикалық Сауль Альвареспен кездесіп, жеңіліп қалған болатын. Одан кейін жерлесіміз барлық чемпиондық белдігінен бас тартты. Атап айтқанда, орта салмақтағы WBA, IBF және IBO чемпиондық белдіктерін жекпе-жексіз бере салды.

Головкин бүгінге дейін бас-аяғы 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Ал жоғарыда сөз болған Эдгар Берланга көрсеткіші – 21 жекпе-жек, 21 жеңіс