Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты

Әйелдер арасындағы теннистен ел құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты.

Бразилиялық Беатрис-Хаддад Майя Елена Рыбакинадан бірінші сетте 4 те 1 есебімен ұтылып, кейін жарақатына байланысты ойыннан шығып қалды. Осылайша жерлесіміз техникалық жеңіске ие болды. Келесі айналымда Елена Рыбакина тунистік Онс Жабермен кездеседі.