Ұлттық спортпен айналысатындар саны артты
Соңғы 3 жылда елдегі өсім 35 процентті құраған.
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Яғни, 2020 жылы 432 мың адам ұлттық спорт түрлерімен тұрақты айналысса, 2022 жылы сан 584 мыңға жетті. Ең үлкен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді. 28 мың адам. Оңтүістік өңірде қазір бас-аяғы 110 мыңнан аса адам ұлттық спорт түрлерімен айналысады. Көшбасшылардың үштігіне Жамбыл және Алматы облыстары кіреді. «Ұлттық спорттарды дамыту - ірі халықаралық турнирлерді өткізу ғана емес. Бұдан бөлек, қажетті инфрақұрылым құрылысы жүріп жатыр. 16 мыңнан аса жаңа үйірме ашылды. Сонымен қатар қолданыстағы жарыстардың форматы да өзгеруде», - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек.