Жазғы универсиада: Рита Бакишева алтын алды

Универсиададан алғашқы алтын.

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондошы Рита Бакишева 48 келі салмақта чемпион атанды. Спортшымыз финалда Тайбейден келген Хуань Инь Суаньнан басым түсті.

Айбол Рысмендиев, Рита Бакишеваның жеке бапкері:

- Қоржынымызда осымен 9 медаль. Оның біреуі алтын, 4-еуі күміс, 4-еуі қола. Дәл қазір Қытайдың Чэнду қаласында бүкіләлемдік жазғы универсиада жалғасып жатыр. Жерлестеріміз арасынан ең көп медальды сұрмергендер жеңіп алды. Яғни, күні кеше Никита Чирюкин жекелей сында екінші орынға тұрақтаса, артынша Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин үштігі де күміске қол созды. Ал бүгін дәл осы жігіттер тапаншамен нысана көздеу бәсекесіне қатысып, жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Яғни, қола жүлдегер атанды. Жазғы универсиадада бас-аяғы 11 сұрмергеніміз бағын сынайды. Байрақты бәсекеде 90 спортшы ел намысын қорғайды. Олар 11 спорт түрінен сынға түседі.