Универсиадада қазақстандықтар нысананы көздеп атудан екі күміс медаль алды

Универсиадада қазақстандықтар нысананы көздеп атудан екі күміс медаль алды

Қоржынымызда қос күміс.

Дәл қазір Қытайжың Чэнду қаласында бүкіләлемдік универсиада өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күндері сұрмергендер сайысы ұйымдастырылды және қазақстандық спортшылар ә дегеннен жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, ерлер арасында 25 метрдегі нысананы тапашнамен көздеу бәсекесі болып, қазақстандық Никита Чирюкин екінші орынға тұрақтады. Алтын жүлде Чехия, ал, қола Польша спортшыларына бұйырды. Артынша 50 метрдегі нысананы винтовкамен атудан командалық бәсеке өтті. Бұл сында ел намысын Константин Малиновский, Ислам Сәтбаев және Никита Шахторин үшітігі қорғаған. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама күміс жүлдеге қол созды.  Қалған жерлестеріміз енді өнер көрсетеді. Жазғы универсиададада бас-аяғы 11 спортшымыз бағын сыйнайды. Бүкәләлемдік студенттер ойындары 3-ші тамызға дейін жалғасады.

"Астана" шабандоздары топ жарды 

Луценко әлемдік аламанда топ жарды. Испанияның таулы-қыратты аумақтарында «Круг Гечо» біркүндік веложарысы өтті. Биылғы бәсеке Бильбао мен Гечо қалаларның арасын қосты және 193 шақырымға созылды. Нәтижесінде ұлттық құраманың үздігі әрі «Астана» командасының өкілі Алексей Луценко мәре сызығын бірінші болып кесті. Ол аталған аралықты  4 сағат 19 минут 10 секундта бағындырды. Екінші орында «Lidl-Trek» команасыдның мүшесі Тони Галлопен болса, тағы бір астаналық Симоне Веласко  үштікті түйіндеді. Қазақсқтандық клубтың басқа спортшылары, яғни, Евгений Федоров 20-шы, Нұрберген Нұрлықасым 55-ші сатыларға тұрақтады. Ал,  Фабио Феллине, Леонардо Бассо және Хавьер Ромо мәреге жете алмады.

Қазақстанның хоккейші балалары Еуропа клубтарына алынды

Қазақ балалары кәрі құрлықта хоккей ойнайды. Биылдың өзінде қос бірдей жасөспірімге Германия клубтары қызығушылық танытып, өз қатарына қосты. Бұл жөнінде елордадағы хоккей академиясының басшысы Бұлбұл Қартанбаева мәлімдеді. Ол қазір балаларды баптаудан бөлек, оларды шетелдік, оның ішінде Еуропа мен Америка клубтарына ұсынумен айналысады. Осы арқылы қабілетті қазақ балаларына жол ашамыз дейді маман. Дәл осылай биыл 15 және 18 жастағы қос өрен германиялық командамен келісімшарт жасасып үлгерді. Бұдан бөлек тағы 8 спортшымыз кәрі құрлықта 2 апталық жаттығу жинынына қатысуға мүмкіндік алды. Бұлбұлдың өзі де бір кездері мұхиттың арғы жағында өнер көрсетті. Ол НХЛ-да ойнаған тұңғыш қазақ қызы. Бірер жыл бұрын елордаға келіп, арнайы академия ашты. Енді біртіндеп қазақ қыз-жігіттерін әлемдік ареналарға шығарумен айналысып жүр.