УЕФА Конференциялар лигасы: ел клубтары іріктеу кезеңіндегі жарысты жалғасырады

УЕФА Конференциялар лигасы: ел клубтары іріктеу кезеңіндегі жарысты жалғасырады

Елде өткен матчтардан бастайық.

УЕФА конференциялар лигасы аясында «Ақтөбе» клубы өз алаңында Кутаиси қаласының «Динамосын» қабылдады. Грузияда өткен алғашқы ойында 4:1 есебімен қазақстандық клуб жеңіске жеткен еді. Сондықтан қарымта кездесуде сенімді ойнады. Сәйкесінше алғаш болып есеп ашты. 31-ші минутта Максим Самородов мергендігімен көзге түсті. Ал қонақтар матч соңына дейін есепті теңестіріп, тіпті алға шығып та үлгерді. Қорытынды нәтиже: 2:1.

Айта кету керек, «Динамо» сапындағы Ника Сандохадзе 78-ші минутта алаңнан қуылып, грузиялық клуб 10 адаммен ойнауға мәжбүр болды. Бірақ соның өзінде таблодағы есеп өзгермеді. Сонымен қос матч қорытындысы бойынша 5:3 есебімен «Ақтөбе» алға шықты. Сәйкесінше іріктеу кезеңінің 3-ші айналымына жолдама алды. Ал кезекті қарсыласы әзірге белгісіз. Белгілісі, болгариялық ЦСКА не румыниялық «Сепси» командаларының бірімен жолығады.

Андрей Карпович, «Ақтөбе» футбол клубының бас бапкері:

- Ең бастысы, алдымызға қойған мақсатқа қол жеткіздік. Келесі кезеңге өттік. Бірақ өз алаңымызда өз жанкүйерлеріміздің алдына ұтылғанымыз өкінішті. Мүмкіндіктер болды. Ұтымды пайдалана алмадық. Сырт алаңда 4:1 есебмен жеңгеннен кейін жігіттерге мотивация беру қиын. Қалай болғанда да «Ақтөбе» ойыншылары мен жанкүйерлерін жалпы есептегі жеңісімен құттықтаймын.

Қостанайлық «Тобыл» да Конференциялар лигасы аясындағы кезекті кездесуін өз алаңында өткізді. Бұл жолы швейцариялық «Базельмен» жолыққан болатын.

Бірден айта кетейік, сырт алаңда өткен алғашқы ойын 3:1 есебімен аяқталды. Айқын басымдықпен ұтқан «Тобыл» қарымта ойында да өте белсенді болды. Матч барысында 3 гол соғылды. Алдымен қонақтар сапындағы Антон Каде есеп ашса, артынша командаласы Жан-Кевин Огюстен есепті еселеді. Ал 43-ші минутта «Тобыл» сапындағы Серж Дебле 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Осылайша, Қостанайдағы мачта «Базель» 2:1 есебмен ұтты. Ал қос ойын қорытындысы бойынша 4:3 есебімен «Тобыл» алға шықты. Сәйкесінше қазақстандық клуб іріктеу кезеңіндегі жарысты жалғасырады. Кезекті қарсыласы енді анықталады. Яғни, ирланиялық «Дерри Сити» және финляндиялық КуПС арасындағы матчың жеңімпазы «Тобылмен» жолығады.

Милич Чурчич, «Тобыл» футбол клубының бас бапкері:

- Жеңіске жеттік. Бірақ ойын басында қателігіміз көп болды. Мен үнемі осы олқылықтарды сараптап, оны қайталамауды ескертем. Бірақ соның өзінде орын алып жатады. «Базель» – өте мықты команда. Сондықтан біздің жігіттерде психологиялық кедергі барын байқадым. Сенім жетіспеді. Алдағы мачтарда осы жағына көбірек жұмыс істейміз.

Ал шымкенттік «Ордабасы» варшавалық «Легияға» есе жіберді. Қартымта мачт сырт алаңда өтті. Польшалық клуб ойын басынан басымдықты өз қолдарына алып, бірінші кезең соңына дейін қос гол соғып үлгерді. Екінші кезеңде Всеволод Садовский мергендігімен көзге түсіп, есеп айырмасын қысқартқан. Артынша «Легия» сапындағы Томаш Пекхарт және «Ордабасы» сапындағы Сергей Малый тағы бір-бір голдан соғып, қорытынды нәтижені 3:2-ге жеткізді. Ал Қазақстанда өткен алғашқы ойын тең аяқталған болатын. Сәйкесінше жалпы есеспте 1 гол айырмасымен «Легия» алда тұр және іріктеу кезеңіндегі бәсекені жалғастырады. Ал «Ордабасы» үшін УЕФА Конференциялар лигасындағы жарыс осымен аяқталды.