Рыбакина Монреаль турнирінде жеңіске жетті

Рыбакина Монреаль турнирінде жеңіске жетті
Olympic.kz

Рыбакина жеңіске жетті.

Дәл қазір Канаданың Монреаль қаласында теннистен WTA 1000 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық Елена Рыбакина алғашқы қарсыласын сенімді ұтты. Ол американдық Дженнифер Брэдимен жолыққан болатын. Кездесу екі күнге созылды. Яғни алғашқы күні толассыз жаңбыр салдарынан матч тоқтатылды. Қос теннисші келесі күні ойынды жалғастырды. Қорытынды есеп: 6:7, 7:6, 6:3.

Айта кетейік, Елена Рыбакина ең соңғы рет Ұлыбританиядағы ашық чемпионатта өнер көрсеткен болатын. Байрақты бәсекенің ширек финалына дейін жетіп, соңғы сында Тунис өкілі Онс Жаберге есе жіберді. Бұған қоса жерлесіміз әлемдік рейтингте де бір саты төмендеді. Жуырда ғана әйелдер теннисі қауымдастығы жаңартылған тізімінді жариялады және соған сәйкес, Елена 4-орынға тұрақтаған. 3-орынға американдық Джессика Пегула көтерілді. Топ басында польшалық Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Монреаль қаласындағы жарыс 14 тамызға дейін жалғасады.