Қазақстандықтар нысана көздеуден Минскіде жүлдеге ілікті
Сұрмергендер жүлдеге ілікті.
Беларусь астанасы Минск қаласында ТМД елдерінің ойындары жалғасып жатыр. Жарыстың кезекті күні нысана көздеу бәсекелері өтті. Әсіресе шағын калибрлі винтовкадан үш позицияда ату бойынша командалық сында ұлттық құрама сәтті өнер көрсетті. Ел намысын Әлия Аушамова, Әмина Амантаева және Лилия Гилева үштігі қорғаған. Жарыс қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанды. Артынша дәл осындай жетістікке Қазақстанның ерлер құрамасы да қол жеткізді. Олар тапаншамен 25 метрдегі нысаныны көздеуде үздік үштікті түйіднеді. Ұлттық құрама сапында Кирилл Федькин, Ярослав Махнёв және Кирилл Цуканов болды. Осының арқасында Қазақстан жалпыкомкандалық есепте 6-орынға тұрақтады. Қазір қоржынымызда 18 медаль бар. Оның алтауы күміс, 16-сы қола. Көрсеткішміз әлі де жақсара түсіуі мүмкін. Өйткені байрақты бәсеке 14 тамызға дейін жалғасады. Айта кетейік, осымен 2-жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған жарысқа 22 елден 2 мыңнан аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстандық қыз-жігіттер 14 спорт түрінде жүлдеге таласады.
Келесі кездесуге дайындық
«Тобыл» мен «Ақтөбе» келесі кездесуін өткізеді. Бүгін араға аптаға жуық үзіліс салып УЕФА Конференциялар лигасы қайта жанданады. Үшінші іріктеу кезеңі аясында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында солтүстік ирландиялық «Дерри Ситиді» қабылдайды. «Қарсыласты тыңғылықты зерттедік. Арнайы жоспар да құрдық. Жеңіске жетуге тырысамыз» - деді бас бапкер Милич Чурчич. Қазір қос тарап Қостанай қаласындағы матч алдындағы дайындықты пысқыап жатыр. Айта кетейік, «Тобыл» бірінші айналымда финляндиялық «Хонка», ал екінші айналымда швейцариялық «Базель» клубтарын ұтқан болатын және кезекті команданы да жеңіп, топтық кезеңге түсу мүмкіндігі бар дейді мамандар. Бұған қоса бүгін «Ақтөбе» де іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын өткізеді. Андрей Карпович баптайтын жігіттер сырт алаңда румыниялық «Сепси» командасымен жолығады.