Астанада балалар арасында республикалық футбол турнирі өтіп жатыр
Қазақстанның жеті қаласынан 50 команда қатысуда.
Жарыс үш күн бұрын басталды. Жеңімпаз ертең белгілі болады. Сондай-ақ, шебер ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар түрлі номинациялармен марапатталады. Бағалы сыйлықтар табысталады. Турнирге жекеменшік клуб ұйытқы болды. Алайда, сапар шығынын жас футболшылардың ата-аналары көтерген. Олар мұндай жарыстардың балаларды спортқа бейімдеуде тиімділігі зор екеніне сенімді.
Еділ Ізбасаров, Тараз қаласының «Ұлан» балалар командасының бас бапкері:
- Қазір білесіздер, жаз уақыты, балалардың бәрі демалып жатыр. Құр үйде жатпас үшін, телефон ойнап, өздерінің денсаулықтарын жоғалтпас үшін осындай шаралар болып жатыр. Біз қуана келіп отырмыз. Бұл балалар үшін үлкен мейрам, біз үшін үлкен мейрам. Бір жағынан балалар өздеріне жақсы практика алады. Бір жағынан өздеріне достар табады.
Сабина Арқабаева, ата-ана:
- Турнирлер көбірек болса, жақсы болар еді. Негізі, біздің осы балаларымыздың осындай уақытта туылғанына мүмкін оларға осындай жақсы болды. Себебі, қазір Жаңа Қазақстан, футбол, осы спорт деген үлкен деңгейге көтеріліп жатыр.