Қазақстан баскетболшылары іріктеу турнирде Сирияны жеңді

Қазақстан баскетболшылары іріктеу турнирде Сирияны жеңді

Қазақстан Сирияны жеңді.

Дәл қазір Сирияның Дамаск қаласында баскетболдан 2024 жылғы олимпиадаға іріктеу турнирі өтіп жатыр. Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жолы алаң иелерімен кездесіп, айқын басымдықпен ұтты. Қорытынды есеп: 85-70. Ұлттық құрама сапындағы Роберт Пан ең нәтижелі ойыншы атанды. Ол 30 ұпай жинап, 12 мәрте допты қарсыластан тартып алды. Бес рет үш ұпайлық соққыны орындады. Одан кейінгі сатыда 18 ұпаймен Шаим Қуанов тұр. Қазақстан құрамасы бұған дейін Үндістан жігіттерін де жеңген болатын. Бұған қоса, Индонезия мен Бахрейн құрамасына есе жіберді. Яғни, еншімізде 2 жеңіс, 2 жеңіліс. Осының арқасына әзірге өз тобымыздың 3-шы сатысына жайғастық. Енді алда шешуші матч бар.  Александр Лысяк баптайын жігіттер Сауд Арабиясы командасымен жолығады. Дамаск қаласындағы турнир 19-шы тамызға дейін жалғасады.

Азия ойындарына дайындық  

Көк туды Шымбергенов пен Дубовицкая ұстап шығады. Тура бір айдан кейін Қытайдың Ханчжоу қаласында жылдың басты бәсекесі Азия ойындары басталады. 4 жылда бір өтетін байрақты бәсекеге ұлттық құрама қызу жайындарып жатыр. Күні кеше ашылу салтанатында көк байрағымызды ұстап шығатын спортшылардың есімі белгілі болды. Бұл құрметке бокстан Ұлттық құрама капитаны әрі Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден ұлттық құрама үздігі әрі Азия чемпионы Надежда Дубовицкая ие болды. Байрақты бәсекені қабылдайтын Ханчжоу қаласында да қазір қарбалас. 12 миллион тұрғыны бар қалада спорттық инфрақұрылымдар толықтай қолданысқа беріліп, тесттік жарыстар өткізіліп жатыр. Азия ойындарында 474 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның 381-і олимпиадалық, 93-і олимпиадалық емес спорттар бойынша. Бірер күн бұрын құрлықтық доданың билеттері ресми сатылымға шықты.

Жүсіпов пен Кампос кездеседі

Алдағы аптада ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой рингтегі келесі жекпе-жегін өткізеді. Қарағандылық боксшы бұл жолы никарагуалық  Уистон Кампосмен жолығады. Жекпе-жек кеші АҚШ-тың Талс қаласында болады және қос мықты арасындағы айқас 8 раундқа есептелген. Жүсіпов пен Кампос жартылай орта салмақта өзара мықтыны анықтайды. Абылайхан бүгінге дейін кәсіпқой бокста 2 кездесу өткізіп, 2-еуінде жеңіске жетті. Біреуін уақытынан бұрын аяқтады. Ал қарсыласы салыстырмалы түрде тәжірибелі. Ол 50-ден аса кездесу өткізіп үлгерген. Қарсыластарының арасында өзбекстандық Шахрам Гиясов пен британиялық  Джош Тейлор сияқты әлем үздіктері бар. Сүлеймен промоушн қанатының астында өнер көрсететін қалған жерлестеріміз атап айтқанда, Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағамбет тура бір айдан кейін шаршы алаңға шығады. Қос боксшымыз Канело мен Чарлоның тарихи жекпе-жек кеші аясында өнер көрсетеді деген ақпарат тарады.