Футбол. Бүгін астаналықтар екі матчты тамашалайды

Футбол. Бүгін астаналықтар екі матчты тамашалайды

Бүгін футболдан УЕФА конференциялар лигасы іріктеуінің плей-офф кезеңі басталады.

Бұл сынға Қазақстанның қос командасы қатысып жатыр. Атап айтқанда, қостанайлық «Тобыл» Пльзень қаласының «Викториясымен» жолығады. Чехиялық клуб күні кеше елімізге келді және жарыс алдындағы дайындықты пысықтап жатыр.

Милич Чурчич баптайтын жігіттер де әзірлікке кірісті және өз алаңында өтетін ойында жеңіске жетуге тырысады.

Бұған қоса, «Астана» футбол команасы да конференциялар лигасындағы мачтчын бүгін өткізеді. Елордаға албаниялық «Партизани» командасы келді. Өкінішке орай, алаң иелері сапындағы Марин Томасов жасыл алаңға шықпауы мүмкін. Ол соңғы кездесуде жарақат алды. Басқа жігіттер бабында.

Бас бапкер Григорий Бабаян алдағы кездесу өте маңызды екенін алға тартып, жеңісті жұлып лау керегін жеткізді. Өйткені, бір аптадан кейін қарымта матч бар. Сәйкесінше, сол кезде топтық кезеңге жолдама алатын команда анықталады.

Конференциялар лигасы аясындағы ойындар елорда уақытымен 20:00-де басталады.