Елордада «Astana Open ATP 250» турнирі басталды

Былтыр деңгейі 500 санатына көтеріліп, Новак Джоковичтің жеңісімен аяқталғаны жұрт жадында қалды.

Биыл қайтадан 250 санатына оралды. Ұтыс қоры 1 млн доллардан асатын халықаралық жарыстың жеребесі тартылып, Қазақстандық теннисшілердің қарсыласы анықталды. Еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик турнирді екінші айналымнан бастайды. Оның қарсыласы мажарстандық Мартон Фучович пен аустриялық Себастьян Офнердің арасында анықталады. Михаил Кукушкин португалиялық Нуну Боргешпен кездеседі. Астана турнирінің бірінші ракеткасы болып нидерланд өкілі Таллон Грикспур тіркелді. Елордаға келген танымал теннисшілер қатарында Стэн Вавринка, Адриан Маннарино, Себастьян Корда секілді ойыншылар бар. Жарыс 3-ші қазанда аяқталады.