ҚХЛ: «Нефтехимик» - «Барыс» 5:6

Жаңа маусымды ала-құла бастаған "Барыс" анда-санда әлсіздерге азу көрсетіп қояды.

Андрей Скабелка шәкірттері Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында "Нефтехимикке" қонаққа барып, 6:5 есебімен басым түсті. Шығыс конференциясының аутсайдеріне қарсы ойын оңай болған жоқ. Айдын иелері 12 минутта есеп ашты. Араға бір минут салып Понтус Оберг "Барыс" сапынан таразы басын теңестірді. "Нефтехимик" хоккейшілерінің алға шыққан сол еді, Понтус екінші мәрте мергендік танытып, айдын иелерін сабасына түсірді. Сосын Кирилл Савицкий елордалық команданы алға жетеледі. Матч соңғы үшінші кезеңде қызды. "Нефтехимик" қатарынан екі шайба соғып, қайтадан алға шыққан. Алайда бұл кездесуде Понтус Обергтің мерейі үстем болды. "Барыс" ойыншысы осы матчтағы үшінші голына көрімдік сұрады. Кездесу аяқталар тұста айдын иелері нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Кейін Самат Данияр белсеніп, ойын овертаймға ауысты. Қосымша уақытта Райли Барьер өзінің бар екенін көрсетіп, "Барысқа" жеңіс сыйлады. Енді елордалықтар 28-ші қыркүйекте "Адмиралды" қабылдайды.