Astana Open турнирінде алаңға Недовесов шығады

Астана Оупэн турнирінің үшінші күнінде тағы бір қазақстандық ойын алаңына шығады.

Александр Недовесов эквадорлық әріптесі Гонсало Эскобармен бірге өнер көрсетпек. Бұған дейін аталған жұп Швециядағы АТР турнирінде жеңіске жеткен еді. Бүгін олар аргентиналық Себастьян Баэс және испан Бернабе Сапата Миральеске қарсы ойнайды. Ал Александр Бублик жекелей сынның екінші айналымда жарысқа қосылады. Оның қарсыласы Офнер – Фучович кездесуінде белгілі болмақ. Бүгін жалпы саны 9 ойын өтеді. 

Бейбарыс Исламов, турнир директорының орынбасары:

- Стэн Вавринка және кешкісін Доминик Тим өнер көрсететін болады. Бірінші кортта біздің отандасымыз Александр Недовесов жұптық ойында өнер көрсетеді. Доминик Тим ол Перу ойыншысы Валериаспен ойнайды. Ал Стэн Вавринка Америка Құрама Штаттарының ойыншысы Хиронмен.