Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 4 қола медальға қол жеткізді
Бүгін жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 2 алтыннан бөлек, 4 қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ерлер арасында жағажай волейболынан Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев үздік үштіктен көрінді. Қазақстандық жұп жүлде жолындағы ойында Иран құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов ІІІ орынға табан тіреді.
Бүгін таэквондошылар да медаль тақты. Смайыл Дүйсебай мен Жансель Дениз жартылай финалға дейін жетіп тоқтады. Смайыл Дүйсебай Қытай спортшысынан жеңіліп қалса, 73 келі салмақтағы Жансель Дениз оңтүстіккорялық Ли Дабинге есе жіберді.