Astana Open турнирінің ширек финалдық ойындары түйінделді
Келесі кезеңге жолдама Чехия, Сербия, АҚШ, Нидерланды, Австрия және Франция теннисшілері арасында сарапқа салынды.
Бірінші болып Чех Джири Легечка мен сербиялық Хамад Меджедович кездесті. Серб спортшысы қарсыласының рейтингтегі ұпай артықшылығана қарамастан, екі сетте де басым болды. Ал нидерландтық Таллон Грикспор күтпеген жерден жеңіліске ұшырады. Ол АҚШ теннисшісі Себастьян Кордаға жол берді. Адриан Маннарино да турнирдің келесі кезеңіне өтті. Ол Австрия өкілі Юрий Родионовты тізе бүктірді. Жартылай финалдың соңғы жолдамасы екі австриялық теннисші ойынында шешілді. 7:5, 4:6, 4:6 есебімен Себастьян Офнер жерлесі Доминик Тимді ұтты. Ал бүгін Astana Open турнирінің алғашқы финалистері анықталады.