Зайнутдинов бастапқы құрамда өнер көрсетті
"Бешикташ" суперлиганың жетінші турындағы матчта "Коньяспор" командасын ойсырата жеңді.
Есеп 2:0. Конье қаласында өткен кездесуде қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов бастапқы құрамда өнер көрсетті. Бірінші тайм түйінделер тұста алаң иелері сапынан Уруджан Язгылы автоголмен есеп ашты. Ал 63-ші минутта Венсан Абубакар мергендік танытты. Кезекті жеңісінен соң стамбұлдық команда 13 ұпай еншілеп, турнир кестесінде 4-ші орынға көтерілді. Енді осы бейсенбіде швейцариялық "Лугано"-ға қарсы ойнайды.