«Шахмат керуені» Түркістанға жетті

Қазақстан шахмат федерациясының бастамасымен қолға алынған жоба 1 айда 11 қаланы аралап шықты.

Жартылай финал Түркістан қаласында жалғасты. Осыған орай  Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдындағы алаңда мерекелік шара ұйымдастырылып, Қазақстан шахмат федерациясының облыстық филиалы ашылды. Салтанатты шарадан соң спортшылар арнайы тігілген мобильді киіз үйде бас қосты. Турнирге облыстық іріктеуге жолдама алған 20 ойыншы қатысып жатыр. Ала тақта шеберлері арасынан үш жеңімпаз 10 қараша күні Түркістанда өтетін гранд-финалға жолдама алады. Жарыста бақ сынаған ойыншылар арасында спорт шеберіне үміткерлермен қатар, түрлі разряд иелері болды. Солардың бірі кентаулық Әлиакбар Әлижан. 9-сынып оқушысы 5 жасынан бастап шахмат ойнайды. Осы күнге дейін көптеген жарыстың жеңімпазы атанған.

Әлиақбар Әлижан, жарысқа қатысушы:

- Бұл турнирде ойнау маған өте маңызды. Мен осы жарыста жеңсем, 10 қараша күні осы Түркістанда финалға қатысамын. Жеңу үшін бәрін жасаймын. Өте қуаныштымын. 

Еркеғали Әлімқұлов, Қазақстан шахмат федерациясы облыстық филиалының төрағасы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы тапсырмасы бар. Осы шахмат ойынын дамыту бойынша. Интеллектуалды ұрпақты қалыптастыруда шахмат ойының маңызы зор. Біздің өңірден шыққан көптеген чемпиондарымыз бар. Соның бірі Гүлісхан Нақбаева. Ол кісі Қазақстанның жеті, Азияның 3 дүркін чемпионы. Осы чемпиондарға еліктеп, жастардың арасынан да ойыншылар, чемпиондар шығады деген үміттеміз.