5 спортшымыз Азия чемпионатында топ жарды
Азия чемпионатына 5 спортшымыз аттанып, 5-еуі де жүлдеге ілікті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Астанада қаласындағы грек-рим күресінің шеберлері құрлықтық додадан 100 проценттік нәтижемен оралды.
Елордадағы нөмірі №3 олимпиадалық резерв мектебінде қазір 300-ге өрен жаттығады. Араларынан 5 бірдей спортшы ел чемпионатында топ жарып, Иорданияда астанасы Амман қаласында өткен Азия чемпионатына аттанған еді. Араларынан Ахалбек Әбілмансұр чемпион аттанды. Ал Сұлтан Мәулітханов қолаға қол созды. Жастар арасында бәсекеде Айбек Айтбеков екінші, Мерей Мәулітханов үшінші орынға тұрақтады. Ал Бішкек қаласында өткен үлкен жас деңгейіндегі жасөспірімдер жарысында қазақстандық Әлібек Тұрлығазы қола жүлдегер атанды. Әділ Әлжекеев баптайтын жігіттер айтулы аламаннан кейін де жаттығуды үзген жоқ. Олар қазір ішкі біріншілікке дайындалып жатыр. Ал алдағы жылы дәл осы жетістіктерді Әлем чемпионатында қайталауға тырысамыз дейді.