Пара Азиадада велоспортшылар елімізге қола медаль алып берді

Спортшыларымыз Қытайдың Ханчжоу қаласындағы Пара Азия ойындарында 39-медальді жеңіп алды.

Осылайша Ұлттық құрама қоржынында 7 алтын, 11 күміс және 21 қола бар. Құрлықтық жарыстардың кезекті жүлдегерлері Кенжеғұл Сейітжан мен Антон Лаврентьев болды. Велосипедшілер 35 минут 27 секунд нәтижемен топтық есепте үшінші орын алды. Алтын медаль Оңтүстік Корея спортшыларына, "күміс " Индонезиядан келген жұпқа бұйырды.