Қазақстандықтар шорт-тректен Әлем кубогында жүлдеге ілікті

Қазақстандықтар шорт-тректен Әлем кубогында жүлдеге ілікті

Қазақ жігіттері жүлдеге ілікті.

Күні кеше Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен Әлем кубогы өтті. Байрақты бәсекеге 14 елден 168 спортшы қатысқан болатын. Араларыда жерлестеріміз де бар. Нұрберген Жұмағазиев баптайтын жігіттер 5 шақырымдық командалық сында сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдеге қол созды. Олар аталаған аралықты 7 минут 5,352 секундта бағындырды.

Айта кетейік, бұл жарыста Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов және Мерсаид Жақсыбаев төрттігі ел намысын қорғады. Бірінші және екінші орынға, сәйкесінше Қытай мен Канада спортшылары жайғасты. Монреаль қаласы әлем кубогының алғашқы кезеңдерін ғана қабылдаған болатын. Енді дәл осындай додалар Бейжің, Сеул, Дрезден және Гданскта да өтеді. Сәйкесінше жерлестеріміз үшін жетістікті қайталап, тіпті одан асып түсуге де мүмкіндік бар. Шорт-трек бәсекелері 2024 жылдың ақпан айына дейін жалғасады.