Месси «Алтын доп» иегері атанды
8-ші мәрте «Алтын допты» алды.
Лионел Месси кезекті рет әлемнің ең үздік футболшысы атанды. Салтанатты шара Францияның Париж қаласында өтті. Көпшіліктің дауыс беру нәтижесінде 36 жастағы аргентиналық спортшы аталмыш жүлдеге қол жеткізді.
Мессиден бөлек, үздік үштікке «Манчестер Сити» командасының ойыншысы Эрлинг Холланд пен ПСЖ командасының шабуылшысы Киллиан Мбаппе кірді. Сондай-ақ мадридтік «Реал» футболшысы Джуд Беллингем 21 жасқа дейінгі үздік ойыншыға табысталатын «Копа» жүлдесіне ие болды. Ал жылдың ең үздік қақпашысы атағын Аргентина құрамасы сапындағы Эмилиано Мартинес алды. Эрлинг Холланд болса үздік шабуылшыға берілетін «Герд Мюллер» жүлдесін иеленді.
Әйелдер арасында «Барселона» ойыншысы Айтана Бонманти «Алтын доп» иегері болды. Оған қоса «Барселона» әйелдер командасы арасында жылдың үздік клубы атанды. Ерлер арасында аталмыш марапатқа «Манчестер Сити» ие болды.
Лионель Месси, «Алтын доп» сыйлығының иегері:
- 8 бірдей «Алтын добым» бар және мен үшін әрқайсысының орны ерекше. Биыл командамыздың жетістіктері ескерілді. Яғни, алдымен Америка кубогында, артынша Әлем чемпионатында топ жардық. Сондықтан бұл – команданың жүлдесі. Онсыз қол жеткізе алмас едім. Ұлттық құрамадағы жігіттермен бірге барлық қиындықты еңсердік. Енді жемісін көріп жатырмыз.