Бақтиёр Зайнутдинов матчтардан шеттетілді
Бақтиёр алдағы матчтарға қатыспайды.
Ұлттық команданың үздігі Бақтиёр Зайнутдиновқа байланысты ресми мәлімеме жасалды. Қазақстан футбол федерация таратқан ақпаратқа сәйкес, жерлесіміз мұрын сүйегі мен көз ұясының негізін сындырып алған. Емделуге кемі 2-3 апта керек. Айта кетейік, келеңсіз жағдай Түркия чемпионатында орын алды. «Бесіктас» және «Стамбұл» командалары арасындағы кездесуде Бақтиёр Зайнутдиновтың бетіне Джерома Опокудың шынтағы тиіп, ауыр жарақат тіркелген еді. Кейін оған операция жасалды. Қалған жігіттер қазір Асанаға жиналып, кезекті кездесу алдындағы дайындықты пысықтап жатыр. Айта кетейік, ұлттық командамыз Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Сан-Марино және Словения құрамаларымен кездеседі. Алғашқысы осы аптада елордада өтеді. Кейінгісі алдағы аптада сыр алаңда ұйымдастырылады. Қос матч та қазақстандық тарап үшін аса маңызы саналады. Өйткені алғаш рет Еуропа чемпионатында ойнау мүмкіндігі шығып тұр. Осыған байланысты жаттығу жинынына 27 ойыншы шақырту алды. Араларында 5 бірдей шетелде доп тебетін футболшыларымыз бар.
Дзюдодан ел үздіктері анықталды
Тағы 5 салмақтағы үздіктер анықталды. Астанада дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр. Жылдың қорытынды жарысына еліміздің барлық аймағынан 500-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 14 салмақта, яғни, ерлер арасында 7, әйелдер арасында 7 салмақта өзара мықтыны анықтайды. Соңғы күні командалық сындар болады.Сонымен, кезекті жарыс күні орта және ауыр салмақтағы белдесулер болды. Нәтижесінде, 57 келіде ақтөбелік Бақыт Құсақбаева алдына жан салмады. Ал үнемі халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын шымкенттік Севара Нышанбаева екінші орынға тұрақтады. 63 келіде атыраулық Есімгүл Күйілова кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеп, ел чемпионы атанды. 70 келіде алматылық Екатерина Токарева топ жарды. Ерлер арасында 70 келіде маңғыстаулық Асқар Нарқұлов, ал, 81 келіде тағы бір маңғыстаулық Мейірлан Максим қарсылас шақ келтірмеді. Айта кет у керек, ұлттық командамыздың 6 бірдей спортшысы ішкі бірінішіліктен әртүрлі себеп бойынша босатылды. Алда әлі 2 жарыс күні бар. Қазақстан чемпионаты қорытындысы бойынша құрлықтық және әлемдік жарыстарға қатысатын ұлттық командамыз жасақталады.
Жәнібек Әлімханұлы жоспарымен бөлісті
Алдағы жылы тағы бір титулды алам. Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы ағымдағы жылды қорытындылап, 2024 жылға арналған жоспарымен бөлісті. «Мамыр айында WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атақты қорғадым. Ал, күзде IBF белбеуін жеңіп алдым. Яғни, биыл орта салмақтағы ең белсенді боксшы болдым. Ал алдағы жылы тағы бір чемпиондық атақты иеленемін, - деп жазды боксшы твиттердегі парақшасына.Айта кетейік, Жәнібек жуырда ғана АҚШ төрінде германиялық Винченцо Гуальтьериді нокаутпен жеңді. Соның арқасында қос тұжырым бойынша әлем чемпины атанды. Ал кәсіпқой бокстағы көрсеткішін 15 жекпе-жек, 15 жеңіске жеткізді. Тіпті 10-ын уақытынан бұрын аяқтады. Ал, енді қалған қос белдікке, янғи, WBC титулына қазір америкалық Джермалл Чарло, WBA титулына кубалық Эрисланди Лара иелік етеді. Осы ретте Жәнібек Әлімханұлы Top Rank прмоутерлік компаниясы аталмыш жекпе-жектерді ұйымдастыруға көмектеседі деген сенім білдірді.