Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Ел үздіктері анықталды. Астанада дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Жылдың қорытынды жарысына еліміздің барлық аймағынан 500-ге жуық қатысушы жиналды. Олар 14 салмақта, яғни, ерлер арасында 7, әйелдер арасында 7 салмақта өзара мықтыны анықтайды. Соңғы күні командалық сындар болады.
Айта кету керек, ұлттық командамыздың 6 бірдей спортшысы әртүрлі себеппен жарыстан босатылды. Оның ішінде жарақат алғандары бар. Бұған қоса, алдағы әлмдік аламандарға дайындалдып жатқандары бар. Сонымен, алғашқы күні жеңіл салмақтардағы спортшылар татамиге шықты. Нәтижесінде, 48 келіде жетісулық Диана Буркеева, ал, 52 келіде тағы бір жетісулық Нұрсұлу Ералиева топ жарды. Жуырда ғана 52 келіге ауысқан ұлттық құраманың үздігі Ғалия Тыныбаева 2-ші орынға тұрақтады. Ерлер арасында 60 келіде жамбылдық Нұрқанат Серікбаев, 66 келіде ақтөбелік Есет Қуанов жеңіске жетті. Қос спортшы да өз салмақтарының Фавориті саналған еді. Алда әлі 3 жарыс күні бар. Ішкі бірінішлік қорытындысы бойынша халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын ұлттық командамыз жасақталады.