Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентке жетті

Мейірім Нұрсұлтанов Ташкентке жетті
Аслан Қаженов

Мейірім Ташкентке жетті. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов бірер күннен кейін келесі кездесуін өткізеді.

Бұл жолы ол  чилилік Джулио Аламоспен қолғап түйістірмек. Бокс кеші Өзбекстан астанасындағы «Хумо Аренада» ұйымастырылады. Аталмыш жекпе-жектің жерлесіміз үшін маңызы зор. Өйткені жеңіске жетіп жатса, WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионына міндетті қарсылас атанады. Бұл титул қазір америкалық Джермалл Чарлоның қолында. Ташкенттегі қос мықты арасындағы айқас 12 раундқа есептелген.

Еске сала кетейік, Мейірім ең соңғы рет биыл сәуір айында шаршы алаңға шығып, жапониялық Кадзуто Такесаконы жеңген еді. Осының арқасында WBO International белдігін қорғап қалды. Ол бүгінге дейін кәсіпқой рингте 19 жекпе-жек өткізіп, 19-ында да жеңіске жетті. 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал қарсыласы Джулио Аламос көрсеткіші – 18 жекпе-жек, 17 жеңіс. Оның 9-ында қарсыласын нокаутпен ұтты.

ФОТО: Аслан Қаженов