Мәскеуде Б. Момышұлына арналған бокс турнирі өтті

Мәскеуде бокстан Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Игі шараға Ресейде тұратын қазақ қандастарымыз мұрындық болды. Биыл үшінші рет өткізіліп отырған жарыс енді дәстүрлі іс-шараға айналады деп үміттенеді. Сайыста Қазақстан, Ресей, Беларусь және Әзірбайжаннан келген жүзден астам боксшы бақ сынасты. Бұған қоса  Астана, Алматы және Атырау қалаларынан 24 боксшы барған. Турнирде атыраулық Амантай Мирас "Үздік боксшы" атанды. 

Айдар Елубаев, бапкер:

- Дайындық бәрі жақсы, Бауыржан ағамыздың турниріне келіп отырмыз. Биыл Қазақстаннан төрт команда болып келдік. Осы жерде бақ сынап, күшімізді сынап көрейік деп келдік Мәскеу қаласына.