А. Тағыберген қашан алаңға оралады?

А. Тағыберген қашан алаңға оралады?

Асхат 4 аптадан соң алаңға оралады.

Футболдан ұлттық команда капитаны Асхат Тағыберген жарақат алып, соңғы матчтарға қатыса алмады. Осыған байланысты аяқдопшының өзі мәлімдеме жасады. «Бәрі ойдағыдай болса, 4 аптадан соң алаңға шығып, жаттығуға кірісемін. Келесі ойынға дайындаламыз», - деді Асхат. Жартылай қорғаушы тура бір ай бұрын «Ордабасы» мен «Шахтер» арасындағы матчта ауыр жарақат алды. Содан бері жасыл алаңға шықпады. Әсіресе ұлттық команданың Сан-Мариноға және Словенияға қарсы кездесулеріне қатыса алмады.

Асхаттан бөлек, Қазақстан құрамасы сапында дәл қазір Бахтиёр Зайнутдинов, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев және Бағдат Қайыров та жарақат алып қалды.