«Астана Арена» жабылады

«Астана Арена» жөндеуге жабылады. Еліміздің басты стадионы кемі жарты жыл бойы матчарды қабылдай алмайды.

Бұл жөнінде елорда әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

"Астана Арена", "Алау" және ипподром сияқты спорт кешендері жөндеуден өтеді. Оны желтоқсан айында бастаймыз. Келесі жылдың маусым айына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз – деді әкім.

2024 жылдың қыркүйек айында Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осыған байланысты спорттық инфрақұрылымдарды дайындап жатырмыз дегенді де алға тартты.

Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазір жобалау жұмыстары жүріп жатыр. Мердігер әлі анықталмады. Жөндеу құны да әлі белгісіз. «Астана Арена» толықтай 24 желтоқсанда жабылады. Оған дейін 3 мачты қабылдайды. Оның ішінде конференциялар лигасы аясындағы жергілікті Астана мен загребтік Динамо кездесуі бар. Бұған қоса, Қазақстаннның әйелдер құрамасы ұлттар лигасы аясында Эстония және Армиения командаларымен жолығады.