Алматыда каратэден әлем чемпионаты өтті

Әлем үздіктері Алматыда бас қосты. Бұнда киокушин шеберлерінің дүниежүізілік додасы өтті.

Оған 35 мемлекеттен 700-ге жуық қатысушы жиналды. Айта кету керек, әлемдік алман ұзақ үзілістен кейін қайта жанданып отыр. Яғни, пандемияға байланысты тоқтап қалған еді. Сондықтан, Алматыдағы байрақты бәсеке ә дегеннен тартысты басталды. Жарыстың алғашқы күндері жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасындағы жекп-ежектер болды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте алға шықты. Тіпті, осы спорттың отаны саналатын жапон қыз-жігіттерінен де асып түсті. Кейін жеңіс жолын ересектер жалғастырды. Яғни, 13 салмақтағы чемпиондар анықталған еді. Жарыс қорытындысы бойынша ұлттық құрама өкілдері 6 алтын, 4 күміс және 11 қола жеңіп алды. Әйелдер арасында Нарқыз Ұзақбаева мен Ұлжан Рақышева өз салмқатарында топ жарса, ерлер арасында Хатип аюпов, Нұрлыхан Сәдуақасов, Рысбек мақсұтов және Никита Гарас қарсылас шақ келтірмеді. Жалпы тізімде Қазақстан бірінші, ал, Ресей мен Жапония, сәйкесінше, екінші және үшінші орындарда тұр.