Самородов Түркия клубына ауысуы мүмкін

Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородовқа «Трабзонспор» командасының назары ауды.

Оның бас бапкері Абдулла Авчи алдағы қысқы трансферлік маусымда біраз ауыс-түйіс жасауды жоспарлап отыр және тізімге қазақстандық футбошыны да қосып қойған деп хабарлайды Проспорт.кз порталы. «Трабзонспор» командасының скауттары Самородовты бұрынан бақылап жүр. Алдағы жылы оларға шабуылды күшету қажет және бұл позицияға жерлестеріміз жақсы келеді дейді мамандар. Бір ерекшелігі Максим Түркия чемпионатында өнер көрсететін болса, ол жақта легионер болып саналмайды. Дәл солай Бахтиер Зайнутдинов та «Бешиктас» клубына ауысқан еді. 21 жастағы Самородов ұлттық құрама сапында жақсы ойнап жүр. Әсәресе, соңғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында жасыл алаңға тұрақты шықты.