Жетісу облысында футбол алаңы жаңартылды
Жетісу облысының Көксу ауданында еуропалық стандартқа сай футбол алаңы пайдалануға берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Батыржан Оңғаров атындағы стадионға заманауи жабын төселді. Құны 193 млн теңгеден асатын жоба Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық спортты дамытуға арналған «Алаң» бағдарламасымен іске асты. Ашылу салтанатына орай ала доп фестивалі ұйымдастырылды. Футбол федерацияның президенті Әділет Барменқұлов пен Ұлттық команданың бас бапкері Магомед Адиев жастар мен жасөспірімдерге алғашқы шеберлік сабағын өткізді. Кейін жергілікті командалар жолдастық кездесуде өзара сынға түсті. Бәсекені тамашалауға келген жеткіншектерге 200-ден аса доп таратылды.
Әлихан Елемес, «Көксу» балалар футбол командасының капитаны:
- Футбол алаңы өте керемет жасалған. Бұрында шөп-шөп алаңда ойнайтынбыз. Біз осы жақта жанымызды беріп дайындаламыз. Болашақта, өскенде мықты футболист боламыз.
Әділет Барменқұлов, Қазақстан футбол федерациясының президенті:
- Бұйырса, алдымызда 20 қалаға саламыз, 50 ауылға саламыз. Осы 3 жылдың ішінде бітіруіміз керек. Ары қарай көреміз.