Әлімханұлы мен Юбинк кездесе ме?

Әлімханұлы мен Юбинк кездесе ме?

Жәнібек Криспен кездесуге дайын.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы британиялық кіші Крис Юбинкпен жұдырықтасуы мүмкін. Ол үшін кейнігісі келісімін беруі керек, - дейді Top Rank  промоутерлік компаниясының президенті Тодд ДюБеф. Тодд ДюБеф қазір жерлесіміздің жекпе-жектерін ұйымдастыруға көмектесіп жүр. Сәйкесінше Жәнібек бұл айқасқа дайын екенін қадап айтты. Крис Юбинк те бұған дейін кездескісі келетінін алға тартты. Бірақ оның менеджерлері басқа боксшымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Тіпті Бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібек пен Кристі жолықтыру үшін британиялық боксшыны рейтингте көтеріп, бірінші орынға жайғастырды. Ал чемпиондық белдік Жәнібектің еншісінде. Қалай болған да, нақты тоқтам алдағы күндері белгілі болады.

Айта кетейік, Жәнібек бүгінге дейін 15 кездесу өткізіп, 15-інде де жеңіске жетті. Соңғы рет биыл қазан айында АҚШ-та жұдырықтасып, германиялық Винченцо Гуальтьериден басым түсті. Қазір ол WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы саналады.