Бекзад Нұрдәулетовке ұсыныс түсті

Бекзад Нұрдәулетовке ұсыныс түсті
Аслан Қаженов

Дәл осындай ұсыныс Бекзад Нұрдәулетовке де түсті.

Яғни, Венгрия құрамасы қазақстандық боксшыны өз сапында көргісі келеді. Бұл жөнінде  Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов мәлімдеді.

Мажарстандағы әріптестер Бекзад Нұрдәулетов пен Дархан Дүйсебайды өз еліне шақырды. Бірақ ресми түрде ұсыныс түскен жоқ. Тек телефон арқылы әңгімелескенде не халықаралық жарыстарда кездескенде осы мәселені көтеретін. Бірақ Бекзад бұл ұсыныстан бірден бас тартты, - деді Қожамбетов.

Айта кетейік, маңғыстаулық боксшы 2019 жылы әлем чемпионы болды. Ал 2020 жылдан бастап кәсіпқой боксқа ауысты. Кейінгісінде 6 кездесу өткізіп, алтауында да жеңіске жетті.

Бекзад азаматтығын ауыстырып, Венгрия құрамасына қосылса да, Олимпиадаға қатысып үлгермейді. Сол себепті бұл ұсыныс өзектілігін жоятын сияқты, - деп сөзін түйіндеді Азиз Қожамбетов.

ФОТО: Аслан Қаженов