Жәнібек пен Мейірім жұдырықтаса ма?

Жәнібек пен Мейірім жұдырықтаса ма?

Жәнібек пен Мейірім кездессе, аса тартысты жекпе-жек болады.

Отандық спорт порталдары шетелдік журналист Льюис Уотсонның осы пікірін жарыса жариялап жатыр. Ол орта салмақ дәрежесінде ұйымдастыруға болатын 5 ең мықты кездесуді атады. Әсіресе Қазақстанның қос өкілі, яғни Жәнібек Әлімханұлы мен Мейірім Нұрсұлтановтың айқасына ерекше екпін жасаған. «Бұл кездесуге кедергі көп екені айдан анық. Екі боксшының да ісін жүргізетін Эдис Климас олардың жұдырықтасуын қаламайды. Өйткені мақсатқа жететін басқа да жолдар бар. Жекпе-жектің болу ықтималдығы өте төмен болса да, үздік бестікте болу керек», - дейді Уотсон.

Айта кетейік, Жәнібек – қазір WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Ал Мейірім – WBO Global чемпиондық белдігінің иегері. Екеуі де кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген. Бүкіләлемдік бокс ұйымының жаңартылған рейтингінде Жәнібек Әлімханұлы топ бастап тұр. Ал Мейірім Нұрсұлтанов екінші сатыда.

ФОТО: Аслан Қаженов