Биылғы жыл отандық спорт үшін жемісті болды

Алтын санынан рекорд орнаттық.

Биылғы жыл отандық спорт үшін жемісті болды. Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатынан 7 бірдей алтын жеңіп алды. Бұндай жетістік бұрын-соңды болмаған. Мәселен, былтыр 1 ғана алтынға қуандық. Оның өзін легионер Нора Джируто жеңіп алды. Ал оның алдындағы жылдары 1, 2, ары кетсе 4 алтын жеңіп алатынбыз. Тіпті мүлде алтын жүлде болмаған жылдар да бар. Сонымен биыл кімдер әлем үздігі атанды?

Әрине, ең алдымен Ташкенттегі тарихи жеңіс еске түседі. 4 бірдей боксшымыз чемпион болды. Олар – Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай. Одан кейін еркін күресте қазақтан тұңғыш әлем чемпионы шықты. Ризабек Айтмұхан. Сонымен қатар сұрмергендеріміз қос алтын жеңіп алды. Фатима Ирназарова мен Александра Сәдуақасова Бакудегі дүниежүзілілік додада топ жарды.Тек алтын санынан ғана емес, жалпы медальдар саны бойынша да биыл ең жоғарғы көрсеткіш тіркелді. Барлығы – 22. Яғни, 7 алтыннан бөлек, 5 күміс пен 10 қола бар. Бұған дейін ең тәуір нәтижеміз 19 медаль болды.

 

Әр спортта 1 ғана федерация болу керек

Десе де отандық спортта мәселе де көп. Әсіресе шұғыл шешімді қажет ететін түйіткілдер бар. Соның біразы осы аптада Парламент Мәжілісінің қабырғасында талқыланды. Жылдың қорытынды жиынында бұқаралық және балалар спортын дамыту тақыры күн тәртібіне шығарылды. Оның ішінде негізгі жаңалық деп еліміздің спорт түрлерінің қысқартылатынын айтуға болады. Яғни, 1 спорт бойынша 1 федерация болу керек. Бұл жөнінде Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Яғни, бізде ресми тіркеліп, мемлекеттен қаржыландырылатын спорттардың тым көптігі алға тартылды. Бұл түйіткілді осыдан бір ай бұрын депутат Нартай Сәрсенғалиев көтеріп, Үкімет басшысына арнайы сауал жолдаған болатын. Оның айтуынша, елімізде 180-нен аса спорт түрі бар. Ал оған жұмсалатын қаржы 775 миллион долларға жуықтайды. Осы тұрғыда құзырлы министрлік тиісті шараларды қолға ала бастады. Бірақ сала басшысы шешудің негізгі және жалғыз жолы заңға өзгеріс енгізу екенін алға тартты.

Басқаша айтқанда, алдағы уақытта спорт түрлеріне терең сараптама жасалып, саны мүмкіндігінше азайтылады. Бұл мүлде жабылады деген сөз емес. Бәсекелстік ортаға жіберіледі, яғни ел қасынан қаржыландырылмайды. Бұған қоса Мәжіліс қабырғасында дәл осы спорттық секцияларға баларды неше жастан береміз деген мәселе де көтерілді. Бұл – өте өзекті тақырып. 

Гимнастика 7-8 жастан;

Күрес 11-12 жастан;

Бокс 12-13 жастан;

Ауыр атлетика 13-14 жастан;

Стенд ату 14 жастан жоғары.

 

Әр мектепте спорт клубтары құрылады

Жоғарыда аталған мәселелерді бір жүйеге түсіруге білім беруге жауапты министрлік те атсалысады. Мәселен, олардың бастамасымен әр мектепте спорт клубтары құрылмақ. Қазір еліміз бойынша 50 мыңнан аса спорттық секция жұмыс істеп тұр. Оған тұрақты баратын балалар саны 1 миллион 300 мыңға жуықтайды. Яғни, бұл еліміздегі жалпы оқушылар санының 40% құрайды. Бұған қоса 3 мыңнан аса спорттық бағыттағы қосымша білім беру орталығы бар. Ол жақтарда 450 мыңға жуық бала спорттық тапсырыспен қамтылған. Енді көрсеткішті одан сайын арттыру үшін әр мектеп жанынан спорт клубын құру маңызды, - дейді сала мамандары. Сонымен қатар осы мектеп жастағы балалар қатысатын жарыстарды жүйелеуге де ерекше екпін жасалмақ.

Дәл осы орта білім беру ұйымдарында дене тәрбиесімен 29 мың педагог айналысады. Ең алдымен осы мамандардың біліктілігін арттырып, жұмыстарын жіті қадағалауға көңіл бөлінеді, - дейді сала басшысы. Дәл осылай Мәжілістегі жиында студенттер арасындағы, еңбек ұжымдары арасындағы және зейнткерлер арасындағы бұқаралық спортты дамыту мәселелері де сөз болды.

Норвегия $231 млн – $124 млн;

Дания $235 млн – $46 млн;

Нидерланды $96 млн – $41 млн; 

Қазақстан $19 млн – $775 млн.

 

Легионерлер қысқартылып жатыр

Тағы біз өзекті мәселе, легионерлер қысқартылады. Алдағы уақытта сырттан келетін спортшылардың саны азайтылып, өзіміздің қыз-жігіттерге көбірек мүмкіндік беріледі. Бұл жөнінде Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Аталмыш мәселе тағы да Парламент Мәжілісінің қабырғасында көтерілді. Яғни, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің  отырысында бұқаралық және балалар спорты мәселесі қозғалып, комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов арнайы сауал тастаған болатын. Кейін жауапты мамандар оған жіті назар аударатынын алға тартты. Бірақ алдағы Париж Олимпиадасында Қазақстан паспортын алған өзге елдің спортшылары өнер көрсетеді. Олар өз міндеттерін орындап, жоғары нәтиже тіркеуі қажет. Ұлттық командамызға көмектесуі керек. Ал жаңадан легионерлер қосылмайды, - деді Серік Жарасбаев.