Елордада шаңғы тебу маусымы басталды
Спортпен айналысуға ақтүтек боран да кедергі емес.
Елордада дәстүрлі шаңғы тебу маусымы ашық деп жарияланды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан үлкен-кіші сайманын арқалап, саябаққа келді. Бұл күнді асыға күттік, - дейді олар. Қатысушылар 14 санат бойынша сынға түспек. Әсіресе жастар жағы белсенді. Тоғызға енді толған толағайлар да көп ішінде. Жеткіншектер 500 метрді шаңғымен жүріп өтсе, ересектер жағы 5 шақырымдық межені еңсеруі тиіс.
Қысқы қызық мұнымен бітпейді. Гір көтеру, қол күресі, арқан тартыс секілді спорт түрінен де мықтылар анықталды.
Қайырболат Қажыбайұлы, қала тұрғыны:
- Шаңғы маусымын асыға күтемін. Мен 2016 жылдан бастап шаңғы маусымына қатысып келемін. Өте жақсы спортпен шұғылданған. «Спорт – денсаулық кепілі» дейді ғой. Астана тұрғындарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Келе жатқан жаңа жылда жақсылық, той болсын.
Дәулет Хамзин, бас төреші:
- Осы жарысты өткізіп жатқандар – біздің қалалық спорт басқармасы және бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы. Бұл іс-шара 14-ші рет өтіп жатыр. Жылдан жылға қатысушылардың саны көбейіп жатыр. Кішкене балалар жақсы қатысып жатыр.