Б. Асаубаева әлем біріншілігінде топ жара алмады
Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында алтын тақпаса да, алтыншы орыннан көрінді.
Ол 17 турда 9 рет жеңіп, 4 мәрте тең ойнады. Осылайша, Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен әйелдер арасындағы жаһандық дода өз мәресіне жетті. Гроссмейстер қызымыз Халықаралық шахмат федерациясынан сыйақы ретінде 10 мың АҚШ долларын алады. Ұлттық құраманың тағы бір спортшысы Меруерт Қамалиденова 8-ші сатыға тұрақтады. Бұл орынға 5 мың доллар беріледі.
Айта кеткен жөн, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары.