Еліміздің 7 қаласында іске қосылған «Қолжетімді спорт» бағдарламасы
Қолжетімді спорт. Дәл осындай атаумен, міне, 3-ші жыл қатарынан 7 қалада арнайы бағдарлама жүзеге асып жатыр.
Жобаның тиімділігі сол, білікті мамандардың шеберлік сағатына тұрғындар тегін қатыса алады. Жаттығу жұмыстары жазда ашық аспан астындағы саябақтарда, ал, қыста спорттық залдарда ұйымдастырылады. Мәселен, елордада қазір 5 спорттық бағыт бойынша дайындалуға мүмкіндік бар.