Абат Айымбетов Түркия суперлигасына ауысады
Қазақстан құрамасының шабуылшысы жақын күндері «Адана Демирспор» ойыншысы атанады.
Отандық спорт порталдары мен телеграм арналар осы ақпаратты жарыса жариялап жатыр. Өйткені, түркиялық клуб қысқы трансферлік кезең аяқталғанша, яғни, 9-шы ақпанға дейін Абатты өз қатарына қосқысы келеді. Ол үшін алдағы бір аптаның ішінде ресми келісімшарт жасасасуы қажет. Қазір тараптар оның негіздерін талқылап жатыр.
Айта кетейік, Абат бұған дейін «Астана» клубында өнер көрсетті. Өткен маусымда 25 матчқа қатысып, 8 рет мергендігімен көзге түсті және 3 рет нәтижелі пас берді. Соның арқасында елордалық команда Қазақстан Премьер Лигасында 2-ші орын алды. Ал Абаттың жаңа командасы қазір Түркия чемпионатында 8-ші орында келеді.