Елдос Сметов татамиге оралды

Дзюдо бойынша да Париж олимпиадасына жолдама беретін рейтингілік турнирлер өтіп жатыр.

Соның негізгілерінің бірі ертең Париж қаласында басталады. Әлемдік гранд-слэмге 110 елден 700-ген жуық спортшы қатыспақ. Араларында 14 ұлттық командамыздың өкілі бар. Әсіресе, ең жеңіл салмақта Елдос Сметов өнер көрсетеді.

Айта кету керек, ол жарақатына байланысты ұзақ уақыт байрақты бәсекелерге шыға алмады. Бұған қоса, 60 келіде тағы бір Жамбыл облысының өкілі Нұрқанат Серікбаев та бағын сынайды. Сонымен қатар, тізімде Ғұсман Қырғызбаев, Есет Қуанов, Данияр Шамшаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан, Асқар Нарқұлов, Айдар Арапов және Ермахан Ануарбеков сияқты жерлестеріміз бар. Ал аса ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай мен Ерасыл Қажыбаев жүлдеге қол созып көреді. Париждегі жарыс 5-ші ақпанға дейін жалғасады. Оның жеңімпазына рейтингілік 1000 ұпай беріледі. Ал күміс пен қола жүлдегер, сәйкесінше, 700 және 500 ұпайдан алады.