Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогында
Қазақстандық семсерлесушілер Әлем кубогына қатысу үшін Тбилисиде өткен іріктеу сайыстарында күш сынасты.
Халықаралық додаға 24 елден 22 команда барған.
Жарыстағы бәсеке өте жоғары. Өйткені осы сайыстағы жеңіс Париж Олимпиадасына жол ашады.
Давид Сахвадзе, Грузияның семсерлесу федерациясының спорттық директоры:
- Мұнда Париж Олимпиадасына жолдама сарапқа салынып жатыр. Команда ретінде соңғы сайыс. Ал жеке спортшылар үшін 1 айдан кейін Будапеште тағы бір бәсеке өтпек.
Біздің спортшылардың жасы 22 мен 28 аралығында. Қазақстандық команданың тәжірибесі әлі аздау, бірақ әлеуеті мықты.
Александр Торчук, Қазақстан ұлттық құрамасының бапкер-кеңесшісі:
- Еліміздің намысын қорғауға 4 спортшымыз келген. Жеңсек те, жеңілсек те, бұл жарыстың берері мол. Жастарымыздың болашағы әлі алда деп ойлаймын.
Әлем кубогына қатысып жатқандар арасында Азия ойындары мен чемпионаттарының қола жүлдегері Саттархан Назарбай бар. Ол семсерді қолына 16 жыл бұрын алған.
Саттархан Назарбай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
- Олимпиадаға іріктеу жүріп жатыр. Ол балдық жүйеге негізделген. Яғни біз 9 жарыстық кезеңнен өтіп жатырмыз. Көп ұпай жинағандар Олимпиада ойындарына барады.
Іріктеу жарыстарында қазақстандық спортшы Артём Саркисян Әлем кубогына жолдама ұтып алды. Турнир бүгін өтуге тиіс.
Авторлары: Ернат Мелсұлы, Юлия Тужилкина