«Тобыл» ҚР Суперкубогының жеңімпазы

Түркияның Анталия қаласында Шымкенттің «Ордабасы» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары кездескен Қазақстан Суперкубогы ойыны аяқталды.

Есепті бірінші болып Ордабасылық  Евгений Макаренко ашты. «Тобыл» бұған Иван Миладиновичтің соққысымен жауап берді. Алайда 90 минут ішінде командалар жеңімпазды анықтай алмады. Пенальти сериясында ойын нәтижесі Тобылдықтардың пайдасына шешілді.

Рафаэль Гарибян, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы президенті:

- Ойынды шетелде өткізу дұрыс шешім болды. Бұл ең алдымен футболшылар үшін тиімді. Біз барлық ойыншыға қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Наурыз айындағы маңызды матчтың алдындағы дайындық сәтті өтуі үшін біз қазір барынша мұмкіндік жасаудамыз.